универден көріністер 2   17 comments

қызық болсын

тағы да универден көріністер деп суреттермен бөлісейін

Жалпылай алғанда Нагасаки университетінің кампусы Жапониядағы барлық универлердегідей атмосфера, хаха неше түрлі универді көргендей айттым ғой, өзімше бұрын мен оқыған Кюшю университетінің кампусына ұқсас жерлері көп болғандықтан солай ойладым.

Мысалға осыған ұқсас паркинг бұрынғы универімде де болатын

parking

менің кеңесші профессорымның кабинетіне жақын жер. Сосын ну бізше айтқанда кафедра десе да болады, менің профессорымның студенттері жиналатын кабинет те осы паркингтің қасындағы ғимаратта

сосын осы паркингтің қасындағы жолда осындай өнерпаз жігіттерді кездестіруге болады:)

muzykant

кейде тіпті 5-6-уы тізіліп отырып гитара тартып отырады:))

просто мына жігітті түсірерде повезло, велигімді тура қасына қойып кеткен екенмін, әйтеуір бірдеме ғып түсіріп алдым ғой суретке, әйтпесе ұят екен өзі суретке түсірген:))))

тура біздің ғимараттың қасында спорт сосын музыка орталығы орналасқан, кешке қарай қасынан өтсең айқайлаған, қышқырған дауыстар, әсіресе жапондық кендо спортымен айналысқанда бар даусыңды шығарып қарсыласыңды ұру керек, ну примерно сондай заңдылық бар болуы керек, сондықтан айқайлаған дауыстар, сосын таяқтың тарс тарс еткен дауыстары шығып жатады. Кейде есіктен шықсаң каратенің дайындығы жүріп жатады. Есіктің әйнегіне қарап қайталайды бір-бірін. Ой кешіріңіз деп ысырылады, ештеме емес деп өз жөніңе кетесің, бар жанын беріп жасаған түрлеріне қарап өзің де көңлің толады екен..

Ал музыка орталығының терезесінен небір аспаптардың дыбысы шығып жатады, кейбір жындылар трубаны терезеден шығарып дарылдатқанда:)) қарап күліп өтесің:))

Сооол, мына жігіт отырғаны тура музыка орталығының алды, кешкісін осылай жалпы:))

сосын мына сурет айдаһар биінің дайындығы, қараңғы түсіп келе жатқанда түсіргем енді, айыпқа бұйырмаңыздар..

drakon

Бірақ біздің универдің басқалардан айырмашылығы бар!

ол қандай дерсіздер МЫСЫҚТАР:)))

осы Нагасаки университетінің ішінде жүрген мысықтар көп, әрлі-берлі ыспокойно жүреді, кейде тамақ ішіп отырсаң қасыңа келіп бөліссең қайтеді дегендей, мөлийіп қарайды:)))mysyqtar

бір орындықты өзі иемденіп, жуынып отырған мысық

mysyq

Бірақ тек универ емес, осы Нагасакидің ерекшелігі болар, осы Нагасакидегі бейбітшілік паркінде де мысықтар көп

әзірше осымен қанағат, кейін тағы аудиториядан суреттер ілермін Иншаллах!

17 responses to “универден көріністер 2

Subscribe to comments with RSS.

  1. scooterler ujas kop go, mashinamen keletinder bar ma ozi?

    • негізі бар студенттердің машина тұрағы, бірақ көп емес, сосын жапондық студенттер көбісі скутермен жүреді сосын великпен машинамен жүретіндер аз

  2. ol jabayi misiktar ma? negilgan misiktar olar uysiz?

    bizdin uydin aulasinda i jalpy univerdin aulasinda da, osilai aktiin, koyan, elikter keshke, tunge karay kezip juredi.

  3. керемет паркинг)
    p.s. сіздерде де маски-шоу ма(

  4. Өнерпаз жігіттің шашын ай 🙂 Анадай кедылар жастар арасында сәнді ғой деймін ия 🙂 Анабір қыз маскамен тұмшаланып алған ия, тұмаудан сақтанғаны ма?

    Мопедтер күшті!

    • а ия сақтанған түрі шығар..
      ой ондай шаштардың небір түрі бар
      Мысалы: ыспокойный шаш менің кафедрамда бірақ жігітте ғана ғой дейм, қалғаны бәрі суреттегі жігіттің әр жақ бер жағы

  5. Мысықтары қорқынышты екен… Оларды көбіне атып тастаушы еді ғой, үйсіз мысықтарды…

  6. Mysyktar men mopedter kop eken 🙂

  7. kendo degen oyindarin oynap jatkandarinda suretke tusirshi:) korgim kelip tur kalay oinaitindarin:) google steuge boladi birak koish, sen tusirsei bloginda suret kobeisin:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: