Сәлем қалайсыңдар?
оой мен бүгін бір стресстен құтылып отырмын. Мастер корсқа қатысты жоспарды өткіздім профессорыма, ол кісі оны оқып, соған қарай рецензия, рекомендация жазып әрі қарай жіберу керек. Ана алдында айтқанымдай стипендиямның мерзімін создыру үшін жасалып жатқан процесс.
Бүгінгі өткізген жоспарым бойынша Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты білім беру жүйесін дамыту, жалпы экологиялық түсінікті қалыптастыру саясаты бойынша зерттеу жасағым келеді деп жібердім. Ой білмим шыны керек қай бағытта жылжитыным пока что что соны жазып жібердім.. Бірақ мүмкін кейін экологиялық экономика саласына ауысуым да мүмкін.
Қазір егер осы экологиялық түсінікті қалыптастыру, білім беру жүйесіне қатысты жазатын болсам басқа профессорға ауысу керек болады. Ол кісі енді БҰҰ-ның қоршаған ортаға қатысты қоғамдық түсінік қалыптастыру туралы бағдарламасын қазір Нагасакидің бір кішірек қаласында енгізуге қатысты зерттеулер жасап жатыр екен, ондай болатын болса енді көбірек практикалық мысалдар жағына да көңіл бөлу керек болады..
Не де болса, сәттілік тілеймін! Сені негізі экономика жағы қызықтыра ма, әлде білім беру жағы ма?
сол жағын өзім де білсем ғой:)))
salem, zhymisina sattilik tileimin. takiribindi dyristap tanda 🙂 zhaksilap oilan 🙂
Нагасаки деген порттық қала емес, кітап не аниме мультфильмдегі қала ретінде есімде сақталыпты))
сәттілік тілеймін жұмысыңызға!
Көңілашар, Қазақстан экологиясы сенің қолыңда… :))
…»Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты білім беру жүйесін дамыту»
Сонда қазақтарға қоршаған ортаны қорғауды қалай үйрету керектігін зерттейсін бе сонда? Тапшы, соны, тапшы,а? Құдайақыңды берейін…
Қазақстандағы қоршаған ортаға қатысты дүниетанымды өзгертудің іргетасын қалағалы жатырмын де!
Жәрәйсың!!!