Жапония жанартауы көп ел ғой, соның бір жақсы жағы ыстық бұлақ та көп. Онсен бұл да жапондықтардың мәдениеті, онсеннің өзіндік этикеті де бар. Нагасаки қаласының ішінде де бар екен ыстық бұлақтар бірақ көп емес, Кагошимада тұрғанда ғой великпен 3-10 минут жерлерде 4-5-і болатын, жақын және суы нағыз табиғи минералдары бар су болатын, қазір мында арасында барып жүргеніміз табиғи емес қой дейм, өздері қосады кажись әртүрлі тұздарды бірақ сонда да керемет.. Ішінде құрғақ саунасы бар, одан басқа булы сауна, Қытайда болғандарыңыз болса түсінеді не айтып тұрғанымды, минут сайын ішіне бүркеп тұрады буды. Одан бөлек тұзды сауна болады. Сауна ішінде бөшкемен тұз тұрады.
Сосын әртүрлі температурадағы, әртүрлі эффект беретін ыстық бассейндер, температуралары көбіне 39-42 градус арасында. Енді ол онсен не бізше моншаның үлкендігіне қарай сулары да неше түрлі болады, сосын түрлі джакузилері, суық сумен бассейн, сосын тоқпен су, брррр, мен қорқам содан:))
Үлкендігіне қарай ашық аспан астындағы сумен бассейн, енді кете береді, біз барған жерде лимон лаймның экстаркты қосылған су болды, кейде көк шай, райхан деп кете береді..
ал жоғарыдағы сурет қызық болсын деп ілдім, Нагано жақтағы бір онсен-ыстық бұлақтың суреті:)
Айтпақшы онсен деген сөз екі иероглифтен құралған,温+泉=жылы бұлақ
ал былайынша егер аспан астындағы сулары бар деген онсендер болса көбіне мынадай болады, астына тастар төселген..
Қымбат па?
Алматыда арзан деген монша 700 теңге болады, мында сол арзан деген онсендері 650-ден басталады да жоғары кете береді, өткенде мен барған екі түрлу саунасымен неше түрлі бассейндерімен 850 теңге болды
🙂 күнде онсен деп жүр ме екен біздің Жанка? ;).
Маймылдармен бірге адамдар да тусе ме, калай? Біртурлі емес пе?
жоқ бірге түспейді, пыросто андағы ыстық бұлақты көбіне паналайтын сияқты
Жеңіл парыңмен ))
kushti!!! kizik eken, birak 42 gradusta pisip kalmaisin ba?:)))
енді бірден оған кірмейсың ғой, басында жуынасың саунаға кіресің тағы жуынасың дегендей, сосын кіргенде уже үйреншікті боп қалады 42 градус
minau maimildardin istiktap rahattanip otirgandari belgili bolip tur goi, betteri kizarip :)))
otiristari rahat eken =))
ooo Minau keremet koi!!! maymildar kuwty eken :)))
бұл посттың әріптері неге үлкен?
токпен? ол пайдалы ма екен????? страшновато, ия да…
Эля постқа қатысты сұрағың сол ғана ма??)))
аха Балдырған негізі аздап тоқ пайдалы ғой, қан айналуды жақсартады..
сұрақ көп-ақ, ана әріптер бірден көзге батып тұрған сон бірінші соны сұрағаным ғой. айтшищ енді – неге үлкен а?
жіберген кезде, хеддинг 4пен жібердім ғой дим
Suretti korip, onsenge bargym kelip ketti goi.
Velikke minip alyp, tungi 12den keiin onsenge baratyn shaktarym eske tusip, nostalgiya bolyp otyrmyn.