Кеше достарыммен киноға бардым. Екі кәріс қыз бен жапон жігіт 4-міз.
Осы фильмдегі актриса Inoue Mao маған ұнайды, содан мелодрамаларды аса ұнатпасам да барайықшы барайықшы деп мен бастағам. Әйтеуір мангадан алынған әңгіме екенін ғана ұқтым.
Жалпы соңғы жылдары Жапониядағы бір тренд, манга болады, кейін содан аниме түсіреді, одан ол әйгілі болса одан дорама (сериал) шығады, егер ол да дамыған сериал болып кетсе кейін одан фильм жасайды.
Меніңше соңғы жылдары өте атақты болғаны Хана Иори Данго сериалы, бірінші тайвандықтар түсірді, одан кейін жапондар 2 сезонын жасады, кейін тіпті фильмін түсірді, енді сұмдық хит болды бүкіл Шығыс Азияға, биыл кәрістер де өз версиясын шығарды. Тааак басты әңгімеден ұзап кеттім:))
Cонмен алғашқы махаббатымды саған бердім:) Фильм алғаш басталғанда, біздің махаббатымыздың тайм лимиты бар деп бастағанда, манга оқымаған мен аа?? немене?? не лимит ол??? деп ұқпай отырмын ғой. Әңгіме жүрегінде кінәраты бар бала мен қыздың махаббаты туралы. Кішкене кезінен екеуі бірге, ооой сондай сүйкімді балалар, еще сөйлегендері де супер:)) Кейін әңгіме жасөспірім шаққа ауысады, екеуі сол баяғыдай бірге.. Ақыры мен өлемін деген жігіт қызбен айрылысу үшін тіпті басқа мектепке де түседі. Ана қыз да қалыспайды, аса оқитын қыз болмаса да ол да қалыспай сол мектепке түсіп, ой жаман күлген жерім болды. Жаңа мектепке барып алып бүкіл мектеп алдында «мен сол баяғыдағы кішкентай кезіміздегі берген сөзімді ұмытпадым, сен ғой өзің кейін өскенде үйленейік деп айтқан» :))))). Сахнадан әзер сүйреп түсірген жері енді..
Кино қарап отырып ойлаған ойларым: «Тегі бір дамыған мектеп екен деймін, бұрынғы садақ ату өнерін де үйретеді екен» деп..
Өте сәтті шыққан моменттері көп фильм енді. Басты актер мен актриса, екінші пландағылары да бәрі сәтті болды меніңше.. сосын өмір мен өлім деген не ?? деген сұраққа жапондықтарша жауап берген немесе түк бермеген ба білмим шыны керек ол жағын ұқпадым, жапондарға қалай әсер ететіні, қандай месседж алатыны бұл фильмнен…
Қарап отырып жыладым. Мен саған орындай алмайтын сөз беріп қойдым ғой дегенде.. ана баланы аяп и жалпы өзі былай аянышты фильм, біздің уақытымыз шектеулі деп бастағандай ақ. Қасымдағы кәріс құрбым ол енді почти бүкіл фильм бойы жылап шыққан шығар..
Бірақ сондай аянышты сәттері болғанмен де өті бір жарық дей ма не дейді, адамның көңлін түсірмейді, аа деп қайт риза боласың фильмге или мен ғана ма екен фильмды солай қабылдаған???
Білмим бәрі керемет болды шынымен фильм де күшті, нууу ана бала ақыры өліп қалды, жарайт ол да ничо бірақ ең аяғындағы көрініс бәрін құртты!!
Бұларда буддистік дәстүр бойынша жағып жібереді ғой адамды, сосын күлін ғана салады молаға, не үйде сақтайды ол күлді (бррр ойлаған өзі біртүрлі ия:))). Вообщем фильмның аяғында ана қыз жігіттің әке шешесінен әлгі күлді алады, оны не істемекші екен?? екеуінің үнемі баратын жері тау басына апара ма деп ойлап отырғам, сүйтсем жоооооооққққ. Ең соңғы сцена қыз ақ көйлек киіп алып шіркеуде жападан жалғыз, қолында ана жігіттің күлі салынған ыдысты ұстап алып, міне ең болмаса осылайша арманымызға жеттік дееееп бітті фильм..
Ужыс мен шок болдым, не бопты соншама деп, ал басқалары нормально қабылдады. Енді шынымен үйлене алмады, хотя бы солай арманына жетті, сол жағынан алғанда нормально емес па дейді. Мен айтам не сонша маниячный нәрсе жасау керек па екен деп?? вообщем менталитет, мәдениет, діни көзқарастардың ерекшелігі қызық болды өзіме.. )))
Ютюбтегі трейлерді қойдым, жапонша түсінбейтін адамға да түсінікті меніңше, менің сүйікті актрисамды көріңдер, айтрақшы келесіде осы дорама, мангалар туралы бір пост жазбасам.. сосын жапондардың молалары туралы, қазір мен салт-дәстүр деген сабақ алып жүрм ғой бүгін сол мола туралы әңгіме айтып едік оны да естіп шок болдым. Кейін бір жазармын.
так Жанна! обязательно жазшы, плииз… әсіресе анау молалар жайлы :)))
Осы кәрістер мен жапондар адамның жүрегіне, сезіміне қалай әсер ету керектігін біледі… :))
Кәріс сериалдарын корсен, айтеуір не кыз, не жігіт ауру болады гой. Жане жазылмайтын ауру. Сосын сыксындап жылай беретіндері тук унамайды
а ия ондайы бар енді:))) әсіресе кәрістерде бар, сосын бізге әкелетін сериалдары да сондай жылаңқы ма бірдемке былайша неше түрлі жанрлары бар ғой..
жанр демекше күшті бір идея келді келесіде бір пост жазбасам мәәә енді точно таң қаласыңдар)))) осы жапондардың таппайтыны жоқ екен деп мен таң болғам өз басым..
Ия, жапон, кәріс киноларын қарап отырып, дімкәс, өмірі аяқталып келе жатқан кейіпкерлерге жаным аши отырып ұғатыным – өмір қатал, бірақ, бәрібір сен оны сүй, өзгелер сені азапқа салса да, сен оларға деген әдемі пейіліңнен, махаббатыңнан айырылма, қалпыңды сақта!
Расын айтсам, маған осындай фильмдер ұнайды! Өте-өте! 🙂
Жанка, тағы да қызық жазбаларды күтеміз!
Сонда көріп отырғандар, будданың дәстүрі бойынша жерленген баланың кейінгі тағдыры христианданып кеткеніне де түк демеді ме?
христианданатындай емес, ол уже өліп кеткен бала ғой:))
Былайша айтқанда өлген адамның тағдыры..
ии бірақ жапондаға бәрібір жалпы алғанда олар ондай діни церемониялардың түпкі мағынасына неге не үшін деп мән бермейді
It was exciting!!!! It was so….
Men kinosyn kormedim, birak kitabyn okydym. Bir tunde barin okyp shyktym… Keremet… Oki otyryp zutto jyladym. :)))
Magan ote unady!!! Keide sondai fil’mderdi korip turu kerek dep oilaimyn… Konilin bosap, bar stressin jogalyp ketedi…
Janna, rahmet sizge!!!! Fil’m turaly tamasha angimelep berdiniz…..
Жанна, молалар туралы жазып па едің, жазсаң берші маған сілтемесін.
муза бар кезде жазу керек еді:)))). Одан кейін муза да қашып кетті, сабақта айтылған жәйттер де бастан кетті:))))
эх, редиска))))
daaa, ujas eken rasynda. osy jaily biryn okygamn sekildi bop otyrmyn est je. sen buryn jazbadyn ba osy jaily, nu film turlay? 🙂
бұрынғы жазба бұл негізі бүгін тек бір жеріне түзету енгізсем соңғы жазбалардан шықты неге екені елдің блогында көрініп:)))