Дамып жатырмын:)))))   12 comments

Айтпақшы мобайл алдым ғой!!!

енді мында керемет хабарласатын адамдар аз, бірақ керек кезде таба алмайтының жаман.. Тел номеріңді берші дегенде өткен ғасырдың адамындай менде әлі мобайл жоқ деп тұрған өзі біртүрлі екен:)))

ана компания мына компания деп ақыры ең арзан деген компанияны таңдадым:)

Жапонияның мобайл телефон жүйесі енді дамығааан, тым дамып кеткен, мен сияқты мобайлға мүлдем қызықпайтын адам үшін әсіресе:)))

көп пайдалы жақтары бар, бірақ онымен қоса төлемі жағынан жәй адамға бірден түсіне қою қиын жақтары жетеді..

бұрын AU компаниясын пайдаланғанмын, бірақ осы жолы студенттерге арналған баға деген қазір жоқ екен, сонымен ол компанияның кереметтігі де мен үшін жоғалды:)))

Softbank жүйесін таңдадым, себебі ең арзан, бірақ енді ауыл жақтарда, тауларда дұрыс ұстамайды, әлсіз дейді, мен ауылға күнде барып жатқам жоқ, тау-тас аралайтын альпинист емеспін, кей кездері бір табиғатқа шығып жатқаным болмаса, былайынша Нагасакидемін ғой..

енді қандай телефон дегенге оған тағы бас қатты, басында ештеме төлемей-ақ ала салатын телефон (ескі модельдері) ала салсам болар деп ойлағам, одан кейін достарым, ақыры біраз уақыт осында боласың одан да Iphone алсашы деген уәждері өтті. Ол үшін Жапонияда ең аз дегенде 2 жыл болу керек..  Себебі мен 600 долларды бірден төлемедім, ай сайын бөліп төлеймін. Бірден сатып тастағаннан сол дұрыс, себебі ай сайын абоненттік төлемге 23 доллардай дискаунт беріледі.

осы Жапонияның телефоны былай тұрсын абоненттік төлемі ең түсініксізі. Себебі бір жүйе ішінде сөйлесу басқа желідегі адаммен сөйлесу ол бар, оған қоса интернеттің тарифы ол бар. Оның ішінде де бөлінеді, ббрррр. Түүк түсінбейм мен. Әйтеуір ай сайын жаңағы Iphone-ның ақшасы бар, оған қоса абоненттік төлем бар, дискаунтын алып тастағанда ай сайын ең аз дегенде 45 доллар, ең көп дегенде сол 70-80 доллар көлемінде төлеп тұрамын Иншаллах. Мында алдын-ала емес, айдың соңында, қолданғаныңа орай төлейсің.. бір шетінен қолайлы бір шетінен қанша қолданғаныңды білмей қалуың мүмкін..

соол бағанағы суретті де сол Iphoneмен түсіргем..

Аңсар мобайлмен шоппинг туралы сұрапты шын айтсам мен өзім аса ұқпайм сол жүйені, кейінірек бір жазармын, ал қазіргі деңгейім осы енді..

16 Гб жадысы бар Ipod үшін, соған универдің компынан музыка салуға келмеді, жібермеді. Тағы басқа комптан көру керек боп тұр..

Жапондарда мақал бар,» доңызға маржан» деген, маржанның қадірін доңыз қайдан білсін деген мағынада:)))

менде тура сол айфонды алуын алып қолдануын білмей отырған түрім:)))

еей бірақ мүлдем артта қалған біреу деп ойлап қалмаңдар енді:))))

айтпақшы ақыры бастадым ғой, ана өткендегі тапсырыс берген электронды сөздіктің суретін ілейін, реті келгесін бәрін көрсетейін енді:))))

Соооондай қолайлы нәрсе. Әсіресе иероглиф сөздігіне ризамын, бұрынғыдай иероглифтың кілтін іздеп, немесе кілтінің не жалпы иероглифтегі таяқшалардың санын санап, содан кейін іздеу салатын едік, ал қазір скринға ана қаламмен жазсаң, мынау ма әлде мынау ма деп автоматты түрде өзі варианттарын береді. Одан басқа орыс-жапон, агыл-жапон, ағыл-ағыл, орыс-ағыл,  жапонша түсіндірме деген сияқты қаптаған сөздіктері бар, оған қоса мини сөздіктері де неміс, француз тағы біраз тілдер.. ана орыс-жапон ол кішісі бірақ соның өзі біраз пайдаға асатын нәрсе меніңше.. Мен енді сабақта көбіне ағыл-жапон мен иероглиф сөздігі қолданатыным..

IMG_0061

одан басқа CD арқылы не SD card арқылы тағы басқа тілдерді енгізсе болады. Сосын дауыстайтыны ол бар. Кейін мүмкін кәріс тілін енгізермін..

Келесі апта менде баяндамалар басталады, осы сөздіктің қолданылу кезеңі басталайын деп тұр:)))

12 responses to “Дамып жатырмын:)))))

Subscribe to comments with RSS.

  1. Өляяяяяя, мен жапонияға барғанда әлгі окинаваға барамз ғой. сонда кк қой сотка… оой сіз де бір ))))
    шютка )))
    осылай дамудың не кенін көрсетіп тұрыңыз енді бізге…теория болса да дамып тұрайық)))

  2. Урагансың ғо! Енді айфоннан ақ блогқа шыға беретін шығарсың. Мына түріңмен уордпресті де менсінбей кететін түрің бар 🙂 Сонда ай сайын тек сотка пайдаланғаның үшін сексен доллар төлемексің бе? Сөздігің күшті екен. Игілігіңе жарасын!

  3. Бұрынғы соткалар жарамсыз бола ма сонда?

    • жаңа модельдері шыққасын, келесі жылы ол ескі модель уже тек сол жүйеге қосылсаң болды, ақысыз беріліп жатады..
      ал былайынша қолданып жүргендер қолдана береді, мысалы менің қасымда бір қыз екі жыл бір телефонмен жүрмін дейді..

  4. Біздегі қытайлар да сіздегідей сөздіктерді пайдаланады. Бірдеңе болса бірден ашып қарай қояды.

    Шәйнекпін деңіз 🙂 ATF банктың жарнамасы есіме түсіп кетті »Біз өсіп жатырмыз» деген.

    Ұялы телефон жүйесі Германиядағыдай екен. ең азы екі жылдық келісімшарт.

    • жоқ бұл Айфонға қатысты келсімшарт, егер бөліп төлеймін десең, ал былайынша припэйд түрі де бар, ескі модельдерге, бірақ онда тариф қымбатқа түседі, мысалға былайша 21 йен болса, припэйдпен 36 йенге түмеді әр минуты..сосын бірден ақшасын төлесең жарты жылға да жасайды келісімшартты

  5. haha, damu degen osi eken dep, katty damyp zhatsyn goi pryam )))))
    telefonin, sozdigin kutti bolsin endi )))

  6. Japonyada iphone-dy tegin taratyp jatyr dep bir jurnaldan okyp edim:-)

    • ой жоқ ол өтірік ақпарат меніңше:)))
      ана ескі 3G моделі 100 доллардай болады
      мүмкін тағы басқа бір одан да ескі модельдері болса..
      бірақ ол бар ғой Әппл демей ақ мындағы өз Sony-Ericsson, Sharp-тың телефондары да жаман емес, ескі айфон алғанша одан сол шарптан алғанды қалар едім өз басым..

  7. Ее, мен де шәугіммін жүрген. Ел қатарлы тачскрин анау-мынау қолданбайм. Алған соткамды тек смс пен басқалармен сөйлесу үшін. Ішіндегі функциясынан хабарсызбын. Негізі орташа қалтафон болса болғаны, дос қызым айфонға тапсырыс береді. Мамма, мен қайсысын аларымды білмей қалдым ғой. МП3 да айфон деп атала ма, сұмдық дамып кеткен. Мен сиақты бір жасушалы қарапайымдардың мыи ашып кетеді..

    Жақында телефонға счет алдым. 60€. Мамма, ай сайын 60 € төлесем, шашым жетпейді ғой ә?

    Көңілашар, блогты ашық түспен әрлеші плыйз! Көзім сығырайып кетті!

  8. Көз сығырайып, иппон болып кеттім шынымен, шрифт үлкейтші!

  9. «еей бірақ мүлдем артта қалған біреу деп ойлап қалмаңдар енді:))))» 🙂 (олай ойлауға мұршам да келмей қалды, ааа деп отырып қалғаным болмаса)

    Тамаша екен! Айдың соңында төлеу жақсы екен. Сондай байланыс болса ғой бізде! 🙂

Пікір қалдыру urimtal Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: