Велик алдым!!   9 comments

Жатақханамның бірталай биік жерде орналасқаны үшін керек па жоқ па деп бірталай ойландым, сосын ее алмай ақ қоям деп те ойлағам, сосын өткенде lounge room қытайлық қыздармен сөйлесіп отырып, біреуі велик алғанын айтты, сон тағы бірі алуға барамын деп, оой ұзақ айтып қайтем ақыр-аяғы велик алушылар қатарына мен де қосылып кеттім:)))))

Кейбірімен уақытымыз сәйкес келмейтін болғасын, бір қытай қыз екеуміз баратын боп келістік, жаяу барасыңдар деді білгіштер, негізі автобус бар, бірақ қайсы баратынын ешкім білмейтін боп шықты, сонымен таңертең қолға қарта алып-ап шықтық екеуміз жолға, мен ана қасымдағы қызға сеніп шыққам, білетін қыз екеуі қытайша сөйлесіп, қартадан көрсетіп жатқан етін, мен аса мән бермедім, ии өзі ұғып алса жетер деп, мен баратын жолдың тек жартысын білемін негізі.. сон жарты жолға келгесін, енді қалай барамыз десем, қасымдағы сенген қойым білмим дейді, мен аааа жәй ма сенікі дейм, бағана Оу-чаннан сұрап жатыр едің ғой деп, қазір біреулерден сұраймыз дейді саспай:))))

содан мен қартаға қарап меніңше осы жол болу керек деп, қаз жолдан өткесін біреуден сұрармыз деп, сон бір жапон қыздан сұрадық ол жол сілтеді. Содан тағы біраз жүргесін  үлкен mall Mr.Max ( молдың аты) белгісі тұр екен тағы  1 км бар деп тұр билбордта, оо әне белгісі тұр дейм мен, қасымдағы Лэйли (қытай қыздың аты, әдейі таныстырып жатырмын, кейін тағы әңгіме арасында шығады деп ойлайм;)) аа қайда дейді, қасына барғасын бірақ көрді, бүгін линзасыз шыққанмын дейді, жақсы бопты дейм:))))

сол белгіден кейін елдер (білгіш қытайлар) айтқан жолдың қиын бөлігі басталды.. жол жоғары кетті, онымен өрмелеп біз келеміз, жоқ енді керемет тік емес, бірақ ананың өзіне біраз денсаулық керек:))

содан бір ұзақ боп кеткен сияқты, бір кезде тура тау ішінде қалғандай болдық, ішімнен ойлап қоям өзі біз дұрыс жолға түстік пе? мына түрімізбен таудағы парктен бірақ шықпайық деп, сүйтсек жоқ, Құдайға шүкір дұрыс жолда екенбіз, ана тау ішінде қалғандай учаске біраз ғана екен, содан бір кезде Mr.Max деген маңдайша да көрінді-ау.

ууууффф жеттік пе жетпедік пе деп, молдың ішіне кіріп великтер сататын жерді іздедік, барсақ ешқандай бізге айтқан ең арзан деген 8 мыңдық велик жоқ, тууу сонша келгенде деп, сон ең арзаны 9 жарым мың йен екен, дым ұнамады маған, Лэйли егер жоқ болса мынаны алам деп 10 жарым мыңның розовый түсті велигін көрсетіп, мен тегі ішімнен рееенжіп, мен алмайм онда деп, бар болса сол 8 мыңға алам деп, жоқ болса жоқ деп қоямын.. Сосын дүкеннің адамын шақырып арзан велик мында жоқ екен жалпы бар ма өзі?- деп, ол қаз қоймадан қарайм деп, бір кезде біреуін сүйретіп ап келді. Осындай бар, мынау күміс түсті, тағы шие түстісі бар деп, сон бірі 24 дюйм сәл кішірек одан біреу-ақ қалды, ал мынау 26 дюйм деп, онда мен кішісін аламын дедім, Лэйли де шие түстісін аламын деді, сонымен екеуміз деп қызыл великтен алдық, менікі сәл ғана кішірек.. сосын тағы дүкен ішін аралап палас іздедік, сосын 1000 йендік палас тауып алдық, арзан тапқанымызға қуанып, оны да бір-бірден алып алдық, содан элекр заттарын сататын жаққа барайық деп мен, маған электр шәйнек керек дейм, сон аралап жүріп фендерді көріп қалдық. Ол феннен де ең арззаан деген 900 йендік кішкене феннен бір-бірден алдық та шәйнектерді қарадық, ең арзаны мың бірдеме, екі мыңна жақын болды ғой дейм, ол жоқ боп шықты, тапсырыспен бірнеше күннен кейін келеді, дәл қазір бітіп қалды дейд, Мен «ее сол  мың жарым йен ештемені шешпейді деп дизайны ұнаған шәйнекті аламын»- дедім, Лэйли «жоқ бұған ақша құртпайм онда»- деп, сүйтіп велик жағымызға қайта келдік, себебі дүкен адамдары дайындап жатқан еді сол аралықта, фарасын қосып, басқа да заттарын жасап, сосын ұрланған жағдайда іздейтіндей арнайы тіркеуге қойдық, ол аралықта тағы бір қытайлар келді, велик алуға, олар енді біраз қымбаттауын алды, маған дизайны қатты ұнайтын кішкене велик, бірақ оған қоойш ақшамды құртпайм деген дизайн, бірақ  енді сүйкімдііі, оларға Лэйли аудармашы болды, олар дым жапонша білмитіндер екен, келгендері кеше бірден-ақ келик алуға кепті пысықтар!!!…

сол ұсақ түйек ақшасымен қосқандай 8400 дей йен болды, шамамен 100 доллар болады…

Сүйтіп алған паласымыз бар, великке тиеп алып қайттық, оой қайтарда төмен түскен жаман қорқынышты, тормозға басып басып әзер түстім зәрем ұшып:)))

енді паркинг жағы проблем боп тұр, анаааау өр басына сүйремей төмен жақта қалдырып жүрмін, негізі ол жерде болмайд қоюға, бірақ бірталай великтер тұр, ештеме етпейд қоя бер деді білгіштер (сол баяғы қытайлар:).

Бүгін алғаш рет универге келдім, великпен, сол жатақ жақтағы мини дөңнен түскенде тормоз дұрыс баспай, столбқа қолымды сырдым:))

сол керек өзіме де, жүрмейтін жермен жүріп..

Велик болған жақсы шыны керек, енді мындағы өрлерге шығып керемет аралап кетпесем де, барар жерім көбейіп, ақшаға біраз эконом жасап, великке кетірген ақшамды шығаруым керек:))))

Posted Қазан 19, 2009 by 6gradus in Күнделікті

9 responses to “Велик алдым!!

Subscribe to comments with RSS.

  1. bugin linzasiz shiktim degendi «bugin Bir linzasiz shyktim» dep okip otyrm goi, haha)))))

    velikke parking jok degenge kulkim kep tur)))))

  2. Құтты болсын велигін! Енді тіптен үйде отырмайтын түрің бар ғой 🙂

  3. аха рахмет:)
    сол баратын жерлерімнің шекарасы кеңіді..

  4. Ой, Жанна, сен велик алмай жүр екенсің ғой, біраз әңгімені айтып тастадың))))
    Құтты болсын, игілігіңе жарат, өзің тоздыр!
    Тежегішті басып үйренсеңші, бірақ қолыңды сырым минитравма алғаныңа қарағанда, жаман жүргізбейтінге ұқсасың))))

  5. Құрметті Көңіл Ашар!
    «Данышпандар Ассоциациясы» мен «Сатыбалдының араққа арналған порталы» ҚазНеттегі аса данышпан ойлар мен сөз маржандарын ұмыт қалдырмау мақсатында «Аңсар» атындағы жарты данышпан премиясын тағайындағанын тоқ ішегіне дейін қуана хабарлайды.
    Премия өз сайтында не блогында ниибацца мақалалар, пездес ойлар, логикалық құрылымынан ең ұлы математиктің енегі езіліп жылайтын ахуенный тұжырымдарға беріледі.
    Премия – Аңсар кейпіндегі мүсін мен бичпакет. Жүлдегер 10 желтоқсан күні жарияланып, Қазақстанның кез-келген нүктесіне апта ішінде жеткізіледі. Жеңімпаз келесі премияға дейін өз блогында не сайтында «Аңсар атындағы жарты данышпан премиясының иегері» деген құрметті баннер іліп қоюға рұқсат алады.
    Қазақтың қара және басқа түсті сөздерінің мәртебесін көтеруге ат салысыңдар, жама’ат!

  6. Менің былтыр судай жаңа велигімді тура жатақхана алдынан түнде ұрлап кетіпті. Содан қазір ең арзан бір қызыл велик сатып алдым, арзан дегені 50€. Великтің документтеріна қарасам: 1995 жылғы екен. Мамма, соншалықты ескі, қашанға дейін жарайды екен, жертөледен тағы ұрлап кетпесе..
    Құтты болсын. Сонда жаңа великтер сондай арзан ба?

  7. Құтты болсын!!!
    Суреті болса қатып кетер еді.

    Қала көшелерінде велосипедтерге арналған жолдар қандай екен?

    Бізде кез-келген жерден велотұрақ табуға болады.

    Егер қырлы жерде тұрсаңыз, аяқ бұлшықеттеріңіз жақсы шынығады екен 🙂

  8. оой бар болсын қырлы жері төменгі жақта қалдырып жүрмын..:)
    аха Symbat сондай арзан, Қытай аман болсын:)))

  9. Жапон достарым «ең үлкен проблема великтің парковкасы» деп еді. Метрода великтен аяқ сүрінеді дейді. Сенің велигің ондай тәртіпсіз болмас деген ойдамын 🙂
    Қызығың ұзағынан көргейсің !!!!

Пікір қалдыру