Ет жемегеніме екі апта болды..   11 comments

Бағана Ақзеренің  гмэйлдегі статусына көзім түсіп кетті

Адамға балық бер – күні бойы тоқ жүреді. Адамды балық аулауға үйрет – өмір бойы тоқ жүреді. Лао Цзы

деп қойыпты қызымыз, содан ооо деп қоям, мен ет жемегеніме екі апта болыпты ғой деп есіме түсіп кетті, келгелі екі апта болады ертең , үйден шыққаныма тура екі апта болыпты. Үйден кетерде, ет асып апайым, қазақша кәдімгідей ғып дегендей, солай солай шығарып салған еді туыстарым, хехеее одан бері екі апта өтіпті..

Келгелі жеп жүргенім балық, сосын вегетериандық, жалпы теңіз заттары не болса да..

Бірақ туу ет жемей қалдым деп азап шегіп жүргем де жоқ, еее  қайтсін енді сағынған ғой деп ойлап қалып жүрмеңіздер:))))) Ақзеренің статусына қарап есіме түскені болмаса, етқор адам емеспін, бар болса бар, жоқ болса бәрібір, былай бар болған өзінде де шұқып қана жеймін.

Сосын мында әлі бұрыннан тұрып келе жатқан мұсылман студент кездестірмедім, халал ет қайдан алуға болады екен білмеймін. Еей бірақ сол біле қойғанның өзінде сол етті сатып алып, керемет пысық боп тамақ істеп жатқан мен жоқ, сондықтан аса пайдасы да жоқ ондай ақпараттың:)))

сонда нені? қайдан? жеп жүрсің  дейтін сұрақ туындап отырған шығар..

Күндіз универдің  асханасында көбіне соба (гречка кеспесі деп түсіндірсе болар), сол собамен сорпа деп айта боладын не вакаме, не кицунемен (хихихи), ааа???немене немене??? дерсіздер, шыны керек түсіндіргенге қиын, білмим не екенін өзім де, бар білетінім соядан жасалған ірімшік сияқты зат кицуне деген, ал вакаме теңіздің өсімдігі ана ламинариялар сияқты ма, жоқ теңіз капустасының  бір түрі ме екен, ол жағы беймәлім маған да.. Бастысы дәмі өзіме ұнайды. Ал кешкісін  әйтеуір бір конбиниден (convience store/ 24 сағат істейтін кішірек дүкендер) алып қайтамын бірдеме-шірдемелерді, кейде жәй онигири, (нориге оралған күріш, ішінде балық не тб), кейде вакаме удон, ана жоғарыдағы (типа түсіндіріп өткен) вакаме қосылған бидай кеспесінің сорпасы деп айтса болатын сияқты. Одан артық білмим қалай айтуға болады??? уууф шаршап кеттім түсіндіремін деп.  Жеп жүрген тамақтарым қысқаша осылай.. Тағамдар деген категория керек сияқты ма қалай ойлайсыздар???))))))))))

неге өзің  пысырмайсың  деп сұрайтын боларсыздар

Жоқ, негізі өзім пысырам десең  пыжалуста, біздің жатақханада кухня бар, газ бар, арнайы плита, микротолқынды пештер де бар..

Бірақ, бірақ!!!

Басты мәселе құнт жоқ, талап жоқ, и вааще жасағым жоқ!!

еріншектік басты мәселе ма деп ойлаймын.

Негізі басқа да себептер бар, кухня маған ұнамайды, аса таза емес, (қытайлармен қатар өмір сүріп көргендер түсінеді!) бірақ енді адам көргісіз кір емес, жалпы алғанда жарап қалады..

Басты себеп біздің жатақхананың  орналасуында болып тұр.

Күнде-күнде Медеудің баспалдағына шығып түскендей қашықтықпен жүріп уже үйреніп те алдым, кейін сүретін іле жатамын ғой, енді Медеудегідей тік көтеріллмесе де, біраз жер, ондай жерге онымей қоймай, сарымсақ, картоп тб нәрсе тасу менің қолымнан келмейтін нәрсе..

Мен сияқты еріншек үшін өте керемет сылтау болды:)

Posted Қазан 14, 2009 by 6gradus in Күнделікті

11 responses to “Ет жемегеніме екі апта болды..

Subscribe to comments with RSS.

  1. 8 абзацты оқып отырып, біраз жапонша тіл сындырып қалдық, еріншек қыз:)

  2. Диета және баспалдақтан шығып-тұру біраз зарядка болатын болды )) Келгенде сырықтай болып келіп жүрме )))

  3. Дастарханға неше түрлі салаттарды қойып жатырғанда ауылдан келген атам мына сораң-алаботаның (шөптің аты)керекгі не деуші еді.

    Сенің хәлің ващще мүшкіл екен.

    • мүшкіл дейтындей керемет бір зардап шегіп жүргем жоқ ет жемей қалдым деп бірақ осындай даталарды арасында еске алып тұру керек екен, қызық үшін:)))

  4. ет жемегелі ай болды :), каникулда жейсің…

  5. ой айтпа ет демекші, бір ретте қонаққа барып 3 күн күні қатарынан ет жеп ауырған болатынмын, бррр. каникулға барғанда көбісі алыстан келдің ғой деп ет асады ғой, ойласам бррр. Арасында бір тәбетім ашылып қазы жегенім болмаса..

  6. altygradus degen kaydan shykkan?
    bilai karasam skoro kizdarmen blog arkili habarlasip, amandik bilisetin siyaktimiz goi ))), blogin kutty bolsin.

  7. Не жеп жүргеніңізді білмейтініңіз қызық екен?!
    Умабаши не умакацу жеңіз: жылқы етінен жасалады. Қайда бар деймісіз? Хоккайдо жақтан табылып қалуы бек мүмкін… ық-ық,

    Саппороның Тойохира ауданындағы Хаккойдо университетінің студентерімен қарым-қатынасыңыз қалай? І-і, солардан табылып қалады, етті тағам… Әсіресе, никудзара мен сакуранабені көп жейді олар.

    • еттің түр түрі бар мында қалағанша, одан Жапония кенде емес, тіпті жылқы етін сонаау Хоккайдо демей ақ осы Нагасакиден, әрі кетсе жақын жердегі Кагошимадан ақ алуға болады, бірақ мәселе онда емес

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: