Жапонияда не істеп жүрсің?   54 comments

Осы сұрақты маған жиі қояды..

жауабын білетіндер де бар, айтсаң да келесі жолы айналып кеп қайта сұрайтындар да бар:)))

ондай жағдайда осы жазбаға бірден линк берем келесіде!!!

Жапонияға оқуға келдім. Қазір аты әлемге әйгілі Нагасаки қаласындамын. Осы қаладағы, мемлекет қарамағындағы Нагасаки университетінде оқып бастадым.  Осында экология саласында оқу үшін келдім, ағылшынша айтқанда Environmental management, Environmental policy қоршаған ортаны қорғау саласындағы үйлестірулер десем ба, жалпылай осылай түсіндіре алам оқып жатқан мамандығымды. 2010 жылдың  сәуір айында Master in Environmental Studies- магистратураны бастадым.

Нагасакиге 2009 ж. қазанында келдім. Басында статусым-зерттеуші болды, негізі біздің  жүйеде оқитын, әлде оқыған адамдар үшін түсініксіздеу болар, бірақ ана біздегі дайындық курсы деп қабылдасаңыздар да болады..

Дайындық болғандай қандай дайындық?- дерсіздер

Менікі жапон мемлекетінің  гранты бойынша келгендіктен, міндетті түрде дайындық курсын өтуім керек, барлық шетелдік студенттер көбіне мастер не доктор оқу үшін 6 ай-не болмаса 1 жыл дайындық курсын оқиды, дайындық курсында интенсивті түрде жапон тілін оқып шығулары керек, бірақ мен ондай курстарға барғвм жоқ, себебі көбіне ол курстарға жапон тілін 0-ден бастаған студенттер барады,  ал маған ол керек емес. Негізі адвансед жапоншаға барғым келген еді, бірақ неге екені, менің  шақыру қағазымда жапон тілі дайындығы керек емес деп баттитып жазып қойылған екен:) хи-хи шамасы интервью кезінде жапоншасы дамып кеткен біреу сияқты көрінгем ғой (^_^) жоо,  шынымен маған ондай курстар қызық емес, босқа уақыт өткізу болар ед, бірақ иероглиф курсына барғым ақ кеп еді, не істим енді жазбаған екен, ой жоқ маған керек деп мен де айтпадым, әйтеуір қазір де әйтіп-бүйтіп бірдеме ғып оқып жүрм икроглифтерді:)).

Ал мендегі дайындық ол басқа, мен бұл салаға жаңадан келіп жатқандықтан білгенімнен білмегенім көп екені белгілі. Мамандық өте қызық, бірақ дәл қай бағытта жылжитыным белгісіз болды. Экология менеджменті ішінде айта берсең саласы көп, мысалға әртүрлі рисктерді бағалау, бақылау, басқару жағы бар, ресурстарды үнемдеу саласы, болмаса қалдықтарды қайта өңдеу-waste management, қоршаған ортаға тиетін әсердің көлемін бағалау-environmental impact assessment, глобалды экология- климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруіне қатысты шаралар тб, одан басқа аймақтық экология, сосын экологиялық экономика ол бар, еех айта берсе жетеді. Сол келген қазаннан бастап неше түрлі сабақтарға қатысып 3-4 ай ішінде өзіме бағыт таңдауым керек болды.

Мысалға сабаққа бірге барып жүрген бір қытайлық қыз Қытайдағы тұтынушылар мәселесін зерттесе, мастер 1 курстан жапондық біреу, аймақтарда қарт адамдарға өмір сүруіне қолайлы ортаны қалыптастыру туралы тақырып алған, оның зерттеуі социалогия тарапынан қарастыруда көбіне.. Аймақтарда болғанда конкретно Нагаскаидің  бір аймағын алған.

сол сияқты мен де өзіме бір бағыт-бағдар таңдауым керек еді..

Ой жүз құбылып, ақыр аяғында қоршаған орта экономикасы саласын таңдадым. Оның ішінде Heritage Valuation немесе Cultural valuation. Жалпақ тілмен айтқанда мәдени мұралардың экономикалық бағасын шығару. Ал қазіргі зерттеу тақырыбым Юнеско қарамағындағы әлемдік мұрағаттар тізіміне кіретін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейіне қатысты.

Негізі қоршаған орта экономика саласы Жапонияда соңғы кездері жақсы дамыған әсіресе парктерді, ұлттық қорықтарды бағалау деген сияқты нысандарды бағалау жағы бар, ал мәдени мұра жағы аса жоқ. Бүкіл әлемде ондай мысалдар көп емес негізі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасар құндылығы болса да, экономикалық бағасы жоқ (мүмкін емес) нысандарды бағалау өзіме қызық сияқты боп көрінді.

Ал ақыры бастаған әңгімеме оралсам мен мастерге түсу үшін 2010 ж. қаңтар айында емтихан тапсырдым, Емтихан екі бөліктен тұрады. Бірі жазбаша, бірі интервью. Жазбаша емтихан-бұл мамандық бойынша емтихан. Мамандыққа қатысты 5 сұрақ-мәселе беріледі, соның ішінен 2-2ін таңдап әрқайсына A4 көлемінде жауап беру қажет. Одан кейін жапон тілі, бұл шетелдіктерге қатысты. Жапондар ағылшын, қытай тб тілдерді тапсырады.

Университетке және оқып жатқан мамандыққа орай кей жерлерде ағылшынша оқуға болады. Менің универімде,менің мамандығым бойынша ондай бақыт жоқ маған:). Сабақтарым толықтай жапонша, арасында ағылшын тіліндегі материалдар қолданғаным болмаса. Бірақ диссертацияны ағылшынша жазамын Иншаллах. Профессорым ағылшын тілімен дос адам:).

Жалпы менің стипендиям 1 жарым жылға арналаған еді, сол аралықта мастерге не докторға түсіп үлгеру керек.

Басында келген кезде қайта-қайта  өзімнің зерттеу жоспарымды жапон оқу білім министрлігіне тапсыруым керек болды, себебі егер мастер не доктор оқитын жағдайда ол 1 жарым жылдық стипендияны созу керек қой, сондықтан олар қаржы жағын алдын ала жоспарлаулары үшін.

Менің оқып жатқаным Жапон білім министрлігі MEXT не болмаса Monbukagakusho гранты. Жыл сайын жаз айында жапон елшілігінде құжаттар қабылданып,  өз салаңа қатысы жоспар тапсырылып, сосын жапон тілі, ағылшын тілінен емтихан бар. Ақпараты жапон елшілігінің сайтында бар.

Posted Қазан 16, 2009 by 6gradus

54 responses to “Жапонияда не істеп жүрсің?

Subscribe to comments with RSS.

  1. Барлық бастамаңда сәттілік бірге болсын.

  2. Шетте жүрген соң, үнемі елді ойлайсың ғой. Блогың арқылы осылай амандығыңды білдіріп тұрсаң, біз үнемі сенімен біргеміз! 🙂
    Коничшива!

  3. KonilAsharды шығысқа терезе ашушы ретінде қабылдап қойғам

  4. Барлық игі бастамаларыңа сәттілік!!!

  5. Жанн саттилик окуынызга.

  6. көп рахмет бәріңе

  7. Машаллаһ әр ісіңізден үлкен табыс күтем 😉

  8. қара нан салып жіберсем, өткіземе погранишниктер?

  9. Кайда журсен аман бол бауырым!

  10. күншығыс елінен қызықты жазбалар күтеміз 🙂

  11. Өзіңізге денсаулық, блогыңызға сәттілік тілеймін! Қолыңыз тисе, жапонның дәстүрлі медицинасы туралы да жазып тұрсаңыз деген тілек бар.

    • рахмет Арал
      жақсы ойда жүретін тақырып болсын..
      Бірақ мен білуімше жапондарда өздерінің дәстүрлі мединасы емес көбіне қытайлық, кәрістердің медицинасын қолданған..

      • олардың медициасы онша емес дегенді естідім

      • жоқ оныңа келіспем едім, технология жағы дамыған ғой, дәрігерлері де білікті, тек бір жаман жері жүйесі дұрыс емес, қазіргі жапон қоғамына, қажеттіліктеріне жауап бермейді (қарттар көбеюі тб). Реформалар жасау керек дейді но қалай? қай жағы? әлі де дискашшн жүріп жатыр

  12. «Kemedeginin jany bir» Zhanna!… Kudai isinnin ilgerileuine jardemdessin!

  13. Қазағым қайда жүрсеңде аман есен жүр. Сәттілік тілеймін.

  14. Бауырым ісін ілгері болсын.
    Иокохама жаққа келіп жатсан хабарлас, келіп шай ішіп кетерсің.

  15. Жапондар қаны таза сақталған халық қой! Сұрайын дегенім естуім бар еді Жапон мен Қазақтың қан құрамы басқа халықтарға қарағанда бір-біріне ұқсас дегенді! Осы рас па?

    • sony bar goi bilmm
      men inetten tappadym
      ana Aiqyn ba bir gazette professordyn atyn jazgan eken, onysy qate eken, ondai atpen izdep korip edim ondai prof shyqpady..
      mynda end lyuboi professordyn dannyilary inette bolad goi, nemen ainalysatynyn, qandai kitaptary bar ekenin de birden tabuga bolar edi..
      Negizi japon men qazaqtar tusytygy turaly dannyilar bary bar bolu kerek, tek ana maglumat bergen jurnalist professordyn atyn durys jazbagasyn men taba almai qoidym japonsha maglumat

  16. (қарттар көбеюі тб) — бұның себебі, экономиканың дамуынан адам жасының ұзарғаны, ал, бізде керісінше, ер адамдардың жасы зейнет жасына жетпей өмірден қайтады. Өзіміз азбыз және орта жас 55-63, өкінішті.

  17. Салам!! Мен жақында жапондар түсірген ВАРОН атты 2 бөлімді киноны көрдім. Ерлер мектебіндегі атамандыққа талас жайында. Осы кино жайында қысқаша ақпарат бере аласың ба?

  18. Вороны

  19. қараған емеспін бұл сиквелді. Бірақ ойнайтын қазір өте атақты актер Огури Шюн, тіпті осы жолы өзі режиссер боп фильм де түсірді:). Тағы бір жас актердардан Миура деген ана қыза да Куроки Мейса жас актрисалардан. фильмді көрмегесін ештеме айта алмайм, бірақ Огури Шюн алғашқы Crows Zero үшін мықты актер атаныпты 2008 жылы

  20. Жанна, не болды саған 🙂 мен былтыр бір рет, биыл тағы бір рет сұрадым, келесі жылы тағы бір рет сұраймын… онда тұрған не бар 🙂
    сол үшін арнайы бөлім ашып қойыпсың….

    Жапониядан арзан электроника тасумен шұғылданып жүргеніңді ешкім айтпаймын 😉

  21. Салем,

    Менің есімім Гульмира. Мен Токио қаласында оқып жатырмын. Жапонияда болғаныма жарты жылдан асты.

    Сенін блогына Үрімтал деген бір танысым ссылкасын берді.

    Жапонияда болғасын, отандастармен танысу үшін жазып отырмын. Менің тел номерім 080…softbank.

  22. оо рахмет Гүлмира

  23. Негізі Жапония маған ұнайды. Кобо Абэнің кітаптары арқылы))) Шет елде оқу деген мақсатым да жоқ емес. Блогыңыз әдемі екен, жазбалары жа керемет))) Сәттілік!:)))

  24. Блогың тамаша екен, табыс тілеймін!

  25. Ісіңізге сәттілік! Жапонияның жағымды жаңалығы, өзіңіздің жақсы жазбаларыңызбен қуанта беріңіз!

  26. Бұл қай Асхат?? Еркімбай ма?

  27. ауу, аман-саусың ба? қазір қайдасың?

  28. Блогшылардың жазбасына қарағанда (Балжанның) таяу күндері Алматының караокесінде болған екен. Қазақстанда болуы тиіс. Десе де соңғы жаңалықтарды мен де Жаннадан күтіп отырмын.

  29. Жанна салем!өзіңнің мамандығың туралы жан жақтылы мәлімет беріп отырғаныңа рақымет!сенің артыңнан да осы мәліметерді оқып пайдаланатын сіңлі баурлаың болады деп ойлаймын.
    әр қашан аман есен болып өзің үшін оқып,еліңе қызмет ет!
    саған сәттілік тілеймін!

  30. Тіл білген жақсы ғой… Мәләдес! Бірақ мүлдем қап қойып жүрме сонда))))

  31. Жаксы екен сыртта білім алып журген!талабыныз он болсын! сосын мени де озинизге илип койсаныз)

  32. Жапоннан үйренер көп ақ, бастамаңыз бізге жаңалық! менің таң қалатыным бұл сол баяғда атом бомбасы тасталған Нагасаки қаласы ма? сіз ол жердегі радияциядан қалай, қорықпайсыз ба? әлі де сол бомбадан із бар шығар?

  33. Жанна, мамандығыңды қайта-қайта оқып дым түсіне алмадым.)))
    Жапония маған ұнайды. Оқуыңа жеміс тілеймін.

    • cәлем Нұрлан. Уақытыңды бөліп, блогыма кіргеніңе рахмет.
      Ондай мамандық бізде жоқ болғасын өзім дәл аудара алмадым:). Ағылшынша аударған өзінде де Environmental management пен Environmental POlicy арасында. Коршаған ортаны қорғау саясаты деп айтса болады. Соның ішінде менің қызығушылығым қоршаған орта экономикасы немесе қоршаған ортадағы бағалау. Ағылшыншасы Environmental Valuation.

  34. блогын жаксы екен
    сен секилди шет елде окымаган сон аттен…………………………………………..
    басына тускен бакты багалап, сабагынды жаксы окуга тилектеспин
    жазбалар кутемин

  35. қайырлы күн.. сізге деген бір ұсыныс бар. почтаңыз бар ма?

  36. қызық екен

    Қарақұлова Лаззат

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: