Archive for the ‘J-Pop/J-Rock Asian music тб’ Category

365 күн Mr Children   4 comments

Жапондық әнші топтардан ұнайтын топ, солистінің даусы керемет, әндері де.. Мынау лайв вервиясы. Осындай бір лайв концертке барып көргім келеді. Фукуокадағы Yahoo dome-ға барса деп армандап қояйын:). Ал мына видеода дыбыстың сапасы керемет лайв болса да  

Ж-дорама Buzzer Beat немесе Тағдыр қосқандар   9 comments

2009 жылдың үздік сериалдарының бірі. Рейтингте 4-орынды алған бұл дораманың ерекшелігі махаббат, романтика толы. Соңғы жылдардағы жапон сериалдарындағы бір тенденция махаббат тақырыбындағы сериалдар аса жоғары рейтингке ие болмайды, демек жоғары орын алатындай тартымдылығы болғаны. Сосын бір қызығы 40-тан асқан әйелдер арасында атақты бопты. Өзім ол кезде Қазақстанда болғасын дәл сол кезде көре алмадым бірақ тіпті [...]

Фукуяма Масахарудың жаңа әні Хотару (жарық қоңыз)   2 comments

ой осы Фукуяманың әндері енді супер. Баяғыда группа болып, жапонша ең алғаш жаттаған әніміз де осы Фукуяманың Сакурадзака әні еді. Алдында да бір постымда ілген едім осы Фукуяманың түскен жарнамасын , бәкграундында өзінің әні, ол әні де супер.. Әндерінің мелодиясы ұнайды маған. Айтпақшы осы Хотару әнінің ішінде Нагасаки туралы жазылған жерлері бар. 僕が育った街にいつか一緒に帰ろうよ     [...]

Ямагучи Момое-Космея 1977 жылғы ән   9 comments

Әннен бұрын осы Ямагучи Момоэ (1959ж) туралы айтып кеткен жөн болар. Бұл кісіні жапон эстрадасының тірі аңызы деп айтса артық болмас. 13 жасында қазіргі кездегі типа фабрика сияқты бір конкурстан тек екінші орында қалса да жақсы ұсыныстар түсіп, соларды қабылдап әншілік карьерасын бастайды. Неше түрлі скандальный деп айтса болатындай сөздері бар әндерімен көрерменге танылатын болды, [...]

Arashi-Оно Сатоши Hotel Zero point   Leave a comment

Қазір бір дорама жүріп жатыр аты Hotel Zero point. Арашидің Оно Сатошисі ойнайды бұл сериалда.

Жылдық синглы сатылымы жоғары апашка:)   Leave a comment

Акимото Джюнко 2009 жылғы синглдар сатылымы бойынша  Орикон чартта 4 орынды алды. 1.Arashi-Believe 2.Arashi-Ashitano kioku/Crazy Moon Kimi wa muteki 3. Arashi -My girl 4. Akimoto Junko- Ai no mamade 5. Arashi- Everything Арашимен араласып арасында Акимото Джюнко,  63тегі апашка маладес:)

One LOve-Arashi   2 comments

Мацуджюн түскен Хана Йори Данго Boys Befor Flowers сериалы 2 маусым жүрді, сосын соңғысы Хана Йори Данго Файнал болып фильм боп шықты. Масштабы үлкен фильм болды, Гонгконг, Лас Вегас содан кейін Жапонияның Ишигаки аралында түсірілгені бар, Азия бойынша үлкен хит болды. мына сурет фильмнен емес айтпақшы:). мынау кәдімгідей парад көшедегі, арнайы Мацуджюн мен Маочян үшін:) [...]

Араши No.1   17 comments

Арасында Жапонияның танымал артисттерін таныстырып отырайын, онымен қоса Жазира мен Айжаннұрлардың сұрауы да бар. Өткенде ана жаңа жылдық құттықтауда қойған видеоның алдыңғы жылғы версияларында осы Арашилар түскен екен. Балдырған мен Баян ға айтып айтып уже олар Арашиді біраз танып қалды:)) Дәл қазір Жапонияда ең атақты топ кімдер десе Араши деп айтса еш қате болмайды. Jonny’s entertainment продюсерлік [...]

Алғашқы махаббатымды саған бердім (Boku no hatsukoi wo kimini sasagu)   13 comments

Кеше достарыммен киноға бардым. Екі кәріс қыз бен жапон жігіт 4-міз. Осы фильмдегі актриса Inoue Mao маған ұнайды, содан мелодрамаларды аса ұнатпасам да барайықшы барайықшы деп мен бастағам. Әйтеуір мангадан алынған әңгіме екенін ғана ұқтым. Жалпы соңғы жылдары Жапониядағы бір тренд, манга болады, кейін содан аниме түсіреді, одан ол әйгілі болса одан дорама (сериал) шығады, [...]

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.