Елден қалмайын деп мен де блогкэмпке бір жазу арнайыншы ештен кеш жақсы деп. Кеш жазып жатқанымның себебін айта кетейін. Блогкэмптен шыға салысымен үйге қарай зыттым. Ол жақта заттарымды апыл-ғұпыл жинап (әрі кетсе 8 минут ) вокзалға қарай ұштым. Содан әйтеуір Тальгоға отырғасын ғана уффф дедім. Әйтеуір кешігуден аман қалдым. Ал Астанадан бүгін келдім. Қыдырып, құрбыларыма [...]
Archive for the ‘әншейін суреттер’ Category
Елден қалмау немесе аяқсурет:))) 20 comments
Huis Ten Bush 11 comments
Жаңа жыл алдында қыздармен Нагасаки маңындағы Huis Ten Bush қалашығына барғанбыз. Токугава шёгундары билікке келген соң Жапония орта ғасырларда жабық ел саясатын үстанып, тек Голландиямен ғана сауда қарым-қатынасты Нагасакиде қабылдаған болатын. Сол үшін де бұл темапаркті Голландияға арнаған. Түнгі жарықтандыру,кешкі иллюминациясынан көріністер. Суреттер басса үлкейеді. (айтпақшы қолдынылған шамдар LED, үнемді шамдар )
Кагошима қаласы 4 comments
Сол баяғы суреттер сериясынан.. Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады. Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала. Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай [...]
Ананас паркі 6 comments
Ананас қалай өседі деп ойлап көріп па едіңіздер? Мен бұрын ананасты пальмада өсетін шығар деп ойлайтынмын:). Осы жылы Наурыз айында Окинаваның Наго қаласындағы ананас паркіне барғанбыз. Паррке кіру бағасы 550 йен, шамамен 6$-дай болар. Жапонияның оңтүстігі Окинавада ананас өсіруге болатындай климат бар, бірақ та керемет өндіріс жоқ, тек кәдесый ретінде ғана өсіреді десем болады. Себебі [...]
Кілтіме бау-пайдалы сыйлық 16 comments
Өткен апта былтыр Мақпал сыйлаған бау үзілді. Сары мысық бар еді бауда сүйкімді:). Бірақ жібі бір жыл ұстағасын өз шегіне жетті. Содан жаңа бау алғанға ақшамды қимай:)))). Хахаха.Таныстарға маған жаңа бау сыйлаңдаршы деп айтайын дегем:))). Содан осы жолы ҚЗ-ға барғанда Кәмшат сыйлаған домбыра бар еді ғой деп, бір кезде еске түсті:).Оны айнаның тартпасына салып қойған [...]
Жапонияда күз 3 comments
Қызық бір сайтқа кез болдым кеше кездейсоқ. 360 градустағы суреттер. Жан жағыңның бәрін онымен қоймай аспанды да асқ астын да көруге болады. мына суретке қараңыздаршы Жапониядағы Сайтама жақтағы бір парк. Күздік көріністі 360 градіс көрсеткен, ашық аспанды ол көруге болады, аяқ астындағы жапырақтарды да көруге болады. Суретті ақырындап айналдырып отыру керек. Интернет ақырын болса қиындау [...]
Насакиден көріністер Хигашияма 2 comments
Нагасакидің суреттерімен бөлісейін, біреулер қонаққа келгенде әйтеуір аралатып, өзім де жаңа тұстарын ашып қаламын:). Жапон тарихымен таныс болсаңыздар Нагасаки әрқашанда продвинутый қала болғаны белгілі. Әсіресе Токугава шёгундары (сёгун) билік еткен кезеңде Жапония әлеммен қатынасын үзіп, жабық ел саясатын ұстанды, ол кезеңде тек қана Голландиямен және көршілес Тайваньмен ғана қатынас жүргізді. Сол шетелдіктер осы Нагасакиге келетін. [...]
Әттең Стэфан.. 6 comments
Мұзда мәнерлеп сырғанаудың фанаты екенімді білесіңдер ғой:). Оның ішінде ұнайтыны осы Стэфан Ламбьель еді. Қазір енді үлкен спорттан кетті, арасында айс шоуларға қатысады. Әлемде фанаты көп фигуристтерден Плющенко мен осы Ламбьель шығар. Туриндегі олимпиада Плющенко алтын алса, Стэфан күміс алды, ал Ванкуверде жолы болмады. Енді бар ғой супер фигурист , сөзбен жткізу мүмкін еместей:). Сырғанауында [...]
еріккен сурет:))) 15 comments
Бұл мен если что:)))) Не сурет екенін түсіндірейін:).
Інжу-Pearl 17 comments
Осы жаздағы інжумен қатысты бір experience-ыммен бөлісейін:). Жапония інжулерімен атақты бірден-бір ел ғой. Мысалға Акойя інжулері.. Осы жазда қыздармен жақын жердегі Сасебо қаласына барғанбыз, сол жердегі окенариумде келген қонақтарға арнап інжу бұрышын жасаған екен. Қалаған адам 500 йен (6$) төлеп інжу ракушкасын ашып, ішінен інжуді алуына болады. Eң бірінші устрицаны таңдап аласыз. Інжу осындай устрица [...]
